"История Нового Завета" на Казахском языке (продолжение)
Иисус Христос в пустыне и искушение Его от диавола
После крещения Своего, Господь Иисус Христос удалился в пустыню для того, чтобы там, в уединении, молитвою и постом приготовиться к исполнению Своего великого дела, для которого и пришел на землю. Сорок дней и сорок ночей был Он в дикой пустыне, со зверями, не вкушая никакой пищи.
Там приступил ко Христу диавол и пытался хитрыми вопросами и обольщеньями соблазнить Его на грех, как всякого человека.
Диавол сказал Иисусу Христу: (напрасно Ты мучишь Себя голодом) "если Ты Сын Божий, скажи, чтобы камни эти сделались хлебами".
Спаситель же сказал ему в ответ: - "в Священном Писании" (в Библии) сказано: не хлебом одним будет жить человек, но всяким словом, исходящим из уст Божиих". (Второз. 8, 3).
Тогда диавол повел Иисуса Христа в Иерусалим, поставил Его на крышу храма и сказал: "если Ты Сын Божий, бросься от сюда вниз (опасности для Тебя нет), потому что в Писании сказано: ангелам Своим заповедает о Тебе сохранить Тебя, и на руках понесут Тебя, да не преткнешься о камень ногою Твоею" (Псал. 90, 11-12).
Но Иисус Христос сказал ему: "в Писании сказано также, не искушай Господа Бога Твоего", т. е. где не нужно, не требуй и не ожидай чудес. (Второз. 6, 16).
После этого, диавол опять взял Его и возвел на высокую гору и там, во мгновение ока, показал Ему все царства мира, во всем их блеске и величии, и сказал: "Все это дам Тебе, так как власть над ними предана мне; и я кому хочу, даю ее. И так, если Ты падши поклонишься мне, то все будет Твое".
Иисус Христос сказал ему: "отойди от Меня, сатана; ибо сказано в Писании: Господу Богу твоему покланяйся и Ему одному служи" (Второз. 6, 13).
Тогда посрамленный диавол отступил от Иисуса Христа до времени и, тотчас, ангелы Божии явились и стали служить Христу.
Так Спаситель, победив искушения от диавола, показал этим, что Он пришел освободить людей от власти диавола, без всяких уступок злу.
ПРИМЕЧАНИЕ: См. Евангелие от Матфея, гл. 4, 1-11; от Марка, 1, 12-13; от Луки, гл. 4, 1-13.
По примеру поста Христова, Св. Православною Церковью установлен 40-дневный пост (св. четыредесятница), который называется великим и начинается за семь недель до праздника Пасхи - светлого Христова Воскресения, а также установлены и другие посты. Пост помогает человеку очистить себя от зла - от греховных наклонностей, помогает больше помнить о Боге и быть ближе к Нему.
Иисус Христостың шөл далада болуы және шайтаннан арбалуы
Өзінің шомылуынан кейін Құдай Ие Иисус Христос шөл далаға, жалғыздықта, тіленіш айтып, ораза ұстап, Өзінің жер бетіне ұлы іс орындау үшін келгендігіне дайындалу үшін шықты. Ол қырық күн және қырық түн шөл далада аңдармен бірге болып, ешқандай ас татпады.
Ол жерде Оған шайтан келіп, қулықты сұрақтармен және әзәзілдікпен, күнәға әр адамды азғыртқандай, азғыртайын деді.
Шайтан Иисус Христосқа: (Сен Өзіңді бекер аштықпен қорлайсың) «егер Сен Құдайдың Ұлы болсаң, айт, мына тастар нанға айналсын», – деді.
Құтқарушы болса оған жауап бере: «Киелі Жазбада (Библияда) айтылған: адам (баласы) жалғыз нанмен ғана өмір сүрмейді, бірақ Құдайдың аузынан шыққан әр сөзбен», – деді. (Второз. 8, 3).
Сонда шайтан Иисус Христосты Иерусалимге әкеліп, Оны храмның төбесіне қойып: «егер Сен Құдай Ұлы болсаң осы жерден төмен құла (Саған қауіп-қатерлік жоқ), өйткені Киелі Жазбада айтылған: Өзінің періштелеріне (Сен жайында), Сені сақтауға өсиет береді және аяғыңмен тасқа сүрінбеуің үшін қолдарымен Сені көтеріп алып барады», – деді. (Пс. 90, 11-12).
Бірақ Иисус Христос оған: «Жазбада тағыда былай деп айтылған, Құдай Иеңді Сенің арбама», – деп, яғни керек емес жерде (Құдай Иеңнен)
кереметтерді талап етпе және күтпе, – деді. (Вт. 6, 16).
Сонан соң шайтан Оны қайта алып, биік тауға көтеріп, ол жерде көзді ашып-жұмғанша Оған дүниенің барлық патшалығын барлық сәнімен және ұлылығымен көрсетіп: «бұның бәрін саған беремін, олардың бәріне маған билік берілгендіктен; мен кімге бергім келсе, оған берем. Сонымен, егер Сен маған бас иіп табынсаң, бұның бәрі Сенікі болады», – деді.
Иисус Христос: «Меннен ары бар, шайтан; өйткені Жазбада айтылған: Құдай Иеңе ғана табын және (Оған) бір Өзіне ғана қызмет ет», – деді. (Вт. 6, 13).
Сонда масқараланған шайтан Иисус Христостан уақытша шегінді, сол сәтте Құдайдың періштелері келіп, Христосқа қызмет етті.
Құтқарушы осылай, азғындылықты шайтаннан жеңіп, жамандыққа ешқандай (да) жол бермей, адамдарды шайтанның билігінен босату үшін келгенін көрсетті.
Христостың оразасының үлгісіне бола, Киелі Православие Шіркеуімен, 40-күндік, ұлы (ораза) деп аталатын Пасха – жарқын Христостың Өлімнен Тірілген мейрамына дейін жеті апта бұрын басталатын ораза орнатылған (киелі четыредесятница), сонымен қатар басқа да оразалар орнатылған. Ораза адамға жамандықтан – күнәлі әдеттерден – тазаруға көмектеседі, Құдайды есте сақтап ұмытпауды және Оған жақын болуға көмектеседі.
Явление Иисуса Христа народу и Его первые ученики
По возвращении из пустыни Иисус Христос снова пришел на берег Иордана, где крестил Иоанн. Увидев Иисуса, Иоанн сказал народу: "вот Агнец Божий, Который берет на Себя грехи мира", то есть Иисус Христос, истинный Агнец Божий, Который столько тысячелетий предъизображался в жертвоприношениях. Он, так же как невинные ягнята (агнцы) и тельцы, закалавшиеся для всесожжения, кротко примет на Себя страдания и смерть, прольет кровь Свою, за грехи всего мира, чтобы спасти людей от вечной смерти.
И свидетельствовал Иоанн говоря: "я видел Духа, сходящего с неба, как голубя, и пребывающего на Нем, и засвидетельствовал, что Сей есть Сын Божий".
На другой день Иоанн опять увидел идущего Иисуса Христа и сказал стоявшим около него двум Своим ученикам: "Вот, Агнец Божий".
Услышав от Иоанна эти слова, оба ученика его пошли за Иисусом. Один из них был Андрей, который поэтому и называется Первозванным, как первый последовавший за Христом. Другой же был Иоанн Богослов. Потом Андрей привел к Иисусу Христу брата своего Симона. Спаситель, предвидя в нем крепкую веру, сказал: "ты Симон, сын Ионин, ты наречешься Петр", что значит камень. На следующий день Спаситель призвал к себе Филиппа, а Филипп привел к Нему Нафанаила.
После этого Иисус Христос пошел по городам и селениям еврейской земли проповедовать людям Евангелие, т. е. радостную, благую весть о том, что Он есть обещанный Спаситель, пришедший на землю спасти людей от власти диавола, греха и вечной смерти, и дать людям вечное спасение - Царство Божие.
Учение о Царствии Божием Иисус Христос часто излагал в притчах, то есть в образах, подобиях и сравнениях, или примерах из нашей обычной жизни, чтобы нагляднее и полнее изложить Свое учение. И видимый и невидимый мир сотворены Богом. Между тем и другим миром существует дивное единство или сродство. Поэтому видимый мир говорит нам о законах невидимого, небесного мира. Вся наша земная жизнь, со всею жизнью видимого мира, есть великая притча Божия о законах будущей жизни в Царстве Небесном.
Чтобы уверить людей, что Он обещанный Спаситель и Сын Божий, Иисус Христос творил много чудес, то есть таких необычайных дел, которые обыкновенными силами человек сделать не может и которые могут быть совершены только особенною Божественною силою.
Многие из евреев уверовали в Иисуса Христа и толпами ходили за Ним, слушая Его Божественное учение.
Другие же, особенно вожди еврейского народа, фарисеи, саддукеи, старейшины и священники, желая властвовать и господствовать над людьми, имея злые сердца, не захотели принять Его истинного учения и поверить, что Он Спаситель, и сделались врагами Христа.
ПРИМЕЧАНИЕ: См. Еванг. от Иоанна, гл. 1, 29-51; от Луки, гл. 4, 14-15, 32-37; от Матфея, гл. 4, 17; от Марка, гл. 1, 22; от Матф. гл. 5, 6 и 7; гл. 13, 34-35; от Марка, гл. 4, 3-34; Матф. 11, 4-6; гл. 5, 23-25; гл. 21, 45-46; гл. 26, 3-4.
Иисус Христостың халыққа келуі және Оның бірінші үйренушілері
Иисус Христос шөл даладан қайтып оралғаннан кейін, Иоанн шомылдырған Иордан өзенінің жағасына келді. Иисусты көріп Иоанн халыққа: «міне дүниенің күнәсін Өзіне алатын Құдайдың Қозысы», – деді, яғни Иисус Христос шын (мәнінде) мың жылдар құрбандықтарында алдын-ала көрінген Құдайдың Қозысы. Ол да, бәрін жағу құрбандығына шалынған жазықсыз қозылармен таналар сияқты, Өзіне момынды қайғы-қасірет және өлім алып, Өзінің қанын бүкіл дүние-жүзінінің күнәсі үшін және адамдарды мәңгі өмірден құтқару үшін төгеді.
Иоанн куәландыра: «мен жоғарыдан көгершін тәрізінде түсіп, Оның үстінде тұрған Тынды көріп, Оның Құдай Ұлы екенін куәландырдым», – деді.
Келесі күні Иоанн бара жатқан Иисус Христосты көріп, өзінің жанында тұрған екі үйренушісіне: «міне, Құдайдың Қозысы», – деді
Иоанның бұл сөзін естіп, екеуі Иисустың артынан ерді. Екеуінің біреуі Андрей болды, ол Христостың артынан бірінші боп ергендіктен, Первозванный (Бірінші ерген), деп аталады. Екіншіcі Иоанн Богослов болды. Содан кейін Андрей Иисус Христосқа өзінің бауыры Симонды ертіп әкелді. Құтқарушы оның берікті сенімін алдын-ала біліп, (оған): «сен Симон, Иониннің ұлы, сен Петр деп аталасың», – деді. Петр тас дегенді білдіреді. Келесі күні Құтқарушы Филипті Өзіне шақырды, ал Филип Оған Нафанаилды ертіп әкелді.
Содан кейін Иисус Христос еврей жерінің қалалары мен ауылдарына Евангелиені (Ізгі Хабарды), яғни Оның жер бетіне адамдарды шайтанның билігінен, күнәдан және мәңгі өлімнен құтқарып, адамдарға мәңгілік құтқарулық – Аспан Патшылығын беруге келген уәде берілген Құтқарушы екенінің қуанышты, ізгі хабарын уағыздауға барды.
Құдай Патшалығы жайында ілімді, Иисус Христос жиі-жиі өсиет әңгімелермен баяндады, яғни Өзінің ілімін көрнекті және толығырақ баяндау үшін бейнелермен, ұқсастықтармен және салыстырулармен, әлде біздің әдеттегі өміріміздегі үлгілермен баяндады. Көзге көрінетін және көрінбейтін әлем Құдаймен жаратылған. Осы екі әлемнің арасында ғажап бірлік, әлде ұқсастық бар. Сондықтан көзге көрінетін әлем көзге көрінбейтін аспан әлемінің заңы жайында айтады. Біздің жердегі бар өміріміз, көзге көрінетін әлемдегі барлық өмірімен бірге, болашақтағы Аспан Патшалығындағы өмірдің заңы жайында Құдайдың ұлы нақылы болып табылады.
Адамдарды Өзінің уәде берілген Құтқарушы және Құдайдың Ұлы екеніне сендіру үшін Иисус Христос көптеген кереметтер жасады, яғни тек Құдайдың құдіретімен ғана істелетін және адам баласы кәдімгі күшімен істей алмайтын ерекше істерді істеді.
Көптеген еврейлер Иисус Христосқа сеніп, жиындармен Оның Құдайлы ілімін тыңдай, Оның артынан ерді.
Басқалары болса, әсіресе еврей халқының көсемдері, фарисейлер, садукейлер, қауым бастықтары және священниктер, адамдарға әміршілік етуді және үстем болуды тілей, жауыз жүректі бола, Оның шын ілімін қабыл алып, Оның Құтқарушы екеніне сенуден бас тартып, Христостың дұшпандарына айналды.
Первое чудо Иисуса Христа
Вскоре, после призвания Спасителем первых учеников, в городе Кане, недалеко от Назарета, был брак. На этот брак был приглашен Иисус Христос с Пречистою Матерью и учениками. Во время брачного пира не хватило вина.
Матерь Божия заметила это и сказала Иисусу Христу: "у них нет вина".
Но Иисус ответил: "еще не пришел час Мой".
Из этого ответа Мария поняла, что еще не пришло время, чтобы явить Ему Свою божественную силу. Но Она знала любовь Своего Сына к людям и была уверена, что Он непременно поможет нуждающимся, и потому сказала слугам: "что скажет Он вам, то сделайте".
В доме находилось шесть больших каменных сосудов, в которые наливалась вода для омовения. Иисус Христос велел наполнить эти сосуды водою. И когда наполнили их до верха, сказал слугам: "теперь почерпните и несите к распорядителю пира".
Слуги почерпнули и принесли к распорядителю. Распорядитель попробовал и увидел, что это самое лучшее вино. Тогда он позвал жениха и сказал: "всякий человек сперва подает хорошее вино, а потом худшее, ты же сберег хорошее вино до сих пор". Так говорил распорядитель потому, что еще не знал, откуда это вино. Знали только слуги, черпавшие воду.
Так Спаситель положил начало чудесам Своим и явил славу Свою, и уверовали в Него ученики Его.
Свое первое чудо Иисус Христос совершает по ходатайству Своей Матери. Из этого мы можем видеть, что Ее молитвы за нас имеют великую силу.
ПРИМЕЧАНИЕ: См. в Еванг. от Иоанна, гл. 2, 1-12.
Иисус Христостың бірінші ғажайып ісі
Құтқарушы Өзінің бірінші үйренушілерін шақырғанынан кейін көп кешікпей Назаретке жақын Кана қаласында неке құру тойы болды. Бұл тойға Иисус Христосты Ең Таза Анасымен және үйренушілерімен бірге шақырды. Неке құру той кезінде шарап таусылып қалды.
Құдай Анасы бұны байқап қалып, Иисус Христосқа: «олардың шараптары жоқ», – деді.
Бірақ Иисус жауап бере: «Менің уақытым әлі келген жоқ» – деді.
Бұл жауаптан Мария, Оның Өзінің құдайлы күшін көрсетуге уақыт келмегенін түсінді. Бірақ Өзінің Ұлының адамдарға деген махаббатын біліп, мұқтаж болғандарға міндетті түрде көмектесетініне сенгендіктен, үй қызметкерлеріне: «Ол сендерге не айта, соны істеңдер», – деді.
Үйдің ішінде алты, су құйылып жуынуға арналған үлкен тас ыдыстар болды. Иисус Христос бұл ыдыстарға су толтыруға бұйрық берді. Оларды (ыдыстарды) үсіне дейін толтырғаннан кейін, үй қызметкерлеріне: «енді көсіп алып, тойдың ретеушісіне апарыңдар», деді.
Үй қызметкерлері (шарапты) көсіп алып, той ретеушісіне әкелді. Той ретеушісі дәмін татып, бұның ең жақсы шарап екенін байқады. Сонда ол үйленіп жатқан жас жігітті шақырып алып: «кімде-кім болсын бірінші жақсы шарап береді, одан кейін нашарырағын береді, ал сен болсаң жақсы шарапты сақтап қойыпсың», – деді. Ретеуші шараптың қайдан екенін әлі білмегендіктен осылай айтқан еді. Суды көсеген үй қызметкерлері ғана (шараптың қалай пайда болғанын) білді.
Осылай Құтқарушы Өзінің ғажайып істерін бастап, Өзінің даңқын көрсетті, және Оның шәкіртері Оған сенді.
Өзінің бірінші ғажайып ісін Иисус Христос Өзінің Анасының өтінішіне бола істеді. Бұдан біз Оның (Құдай Анасының) бізге деген тіленішінің үлкен кұші бар екенін көреміз.
Изгнание торгующих из храма
Приближался праздник Пасхи. Иисус Христос пришел на праздник в Иерусалим. Войдя в храм, Он увидел в Нем большой беспорядок: там продавали волов, овец и голубей, и сидели за столами меновщики денег. Мычание волов, блеяние овец, говор людей, споры о цене, звон монет - все это делало храм больше похожим, на базар, чем на дом Божий.
Иисус Христос, сделав из веревок бич, выгнал из храма всех торговцев с их животными. Столы меновщиков опрокинул и деньги их рассыпал. И сказал продающим голубей: "возьмите это отсюда, и дом Отца Моего не делайте домом торговли". Никто не посмел ослушаться Иисуса.
Увидев это, начальники храма пришли в ярость. Они приступили к Спасителю и сказали: "каким знамением докажешь Ты нам, что имеешь власть так поступать?"
Иисус Христос ответил им: "разрушьте этот храм, и Я в три дня воздвигну его". Под храмом Он разумел Свое тело и этими словами предсказал, что, когда Его убьют, Он воскреснет в третий день.
Но иудеи не поняли Его и сказали: "этот храм строился сорок шесть лет, как же Ты в три дня воздвигнешь его?"
Когда же потом воскрес Христос из мертвых, то ученики Его вспомнили, что Он говорил это, и поверили словам Иисуса.
Во время пребывания Иисуса Христа в Иерусалиме, на празднике Пасхи, многие, видя чудеса, которые Он творил, уверовали в Него.
ПРИМЕЧАНИЕ: См. в Евангелии от Иоанна, гл. 2, 13-25.
Храмда саудаласқандарды қуып шығу
Пасха мейрамы жақындағанда, Иисус Христос Иерусалимге мейрамға келді. Храмға кіріп, ол жерде үлкен ретсіздікті көрді: ол жерде өгіздерді, қойларды, көгершіндерді сатып жатты және ақша айырбастаушылар үстелінде отырды. Өгіздердің мөңіреуі, қойлардың мағынауы, адамдардың сөйлеген дыбыстары, баға жайындағы дауластар, тиындардың шылдыры – бұның бәрі храмды Құдай үйіне қарағанда базар тәріздес қылды.
Иисус Христос жіптерден шыбыртқы жасап алып, сатушыларды, малдарымен бірге храмнан қуып шықты. Ақша айырбастаушылардың үстелдерін аударып, ақшаларын шашты. Көгершін сатушыларға былай деді: «алыңдар бұны бұл жерден, және Менің Әкемнің үйін, сауда үй қылмаңдар». Иисусты тыңдамауға ешкімнің батылы бармады.
Бұны көріп храм басшылары қатты ашуға келді. Олар Құтқарушыға келіп: «бұлай істей алатыныңды Сен қандай нышан белгімен дәлелдей аласың?», – деді
Иисус Христос оларға: «бұл храмды хиратыңдар, Мен оны үш күнде тұрғызамын» – деп жауап берді. Храм жайында Ол Өзінің денесін ұғындырып, Оны өлтірген кезде, үшінші күні өлімнен тірілетінін алдын-ала (бұл сөздерменен) айтты.
Бірақ иудейлер Оның айтқанын түсінбей: «бұл храм қырық алты жыл салынған, Сен оны үш күнде қалай тұрғызбақсың ба?» – деді.
Христос кейін өлімнен тірілген кезінде, Оның үйренушілері Оның сөзін естеріне түсіріп, Иисустың сөзіне сенді.
Иисус Христостың Иерусалимде Пасха мейрамында болған кезінде, көп адамдар Оның істеген ғажайып істерін көріп, Оған сенді.
Беседа Иисуса Христа с Никодимом
Среди людей, пораженных чудесами Иисуса Христа и уверовавших в Него, был фарисей Никодим, один из начальников иудейских. Он пришел к Иисусу Христу ночью, тайно от всех, чтобы не узнали об этом фарисеи и начальники иудейские, невзлюбившие Иисуса Христа.
Никодим хотел узнать, действительно ли Иисус Христос есть ожидаемый Спаситель мира, и кого Он примет в Свое Царство: что нужно сделать человеку, чтобы войти в Его Царство. Он сказал Спасителю: "Равви (учитель)! мы знаем, что Ты - Учитель, пришедший от Бога; потому что таких чудес, какие Ты творишь, никто не может творить, если не будет с Ним Бог".
Спаситель в беседе с Никодимом сказал: "истинно говорю тебе: кто не родится снова, тот не может быть в Царствии Божием".
Никодим очень удивился, как может человек родиться снова.
Но Спаситель говорил ему не про обычное, телесное рождение, а про духовное, то есть, - что человеку необходимо измениться, сделаться совершенно иным по душе своей - совершенно добрым и милосердным, и что такая перемена в человеке может произойти только силою Божиею.
Спаситель сказал Никодиму: "истинно, истинно говорю тебе: если кто не родится от воды (через крещение) и от Духа (который сойдет на человека во время крещения), не может войти в Царствие Божие".
Спаситель объяснил Никодиму, что человек, родившись только от земных родителей, остается таким же грешным, как и они (значит, недостойным Царства Небесного). Родившись же от Духа Святого, человек становится чистым от грехов, святым. А как совершается такая перемена в душе человеческой, этого дела Божия людям не понять.
Потом Спаситель сказал Никодиму, что Он пришел на землю пострадать и умереть за людей, не на царский престол взойти, а на крест: "как Моисей вознес змию в пустыне (т. е. повесил на древо медного змея, чтобы спасти от смерти укушенных ядовитыми змеями евреев), так должно вознесену быть Сыну Человеческому (т. е. так же должен быть поднят на дерево крестное и Христос - Сын Человеческий), чтобы всякий (каждый) верующий в Него не погиб, но имел вечную жизнь. Бог так любит мир, что для спасения людей отдал единородного Сына Своего (на страдания и смерть), и послал Его в мир не для того, чтобы судить людей, а чтобы спасти людей.
Никодим с этого времени сделался тайным учеником Иисуса Христа.
ПРИМЕЧАНИЕ: См. в Евангелии от Иоанна, гл. 3, 1-21.
Иисус Христостың Никодиммен сұхпаты
Иисус Христостың ғажайып істеріне таң қалған адамдардың ішінде, иудей көсемдердің бірі, фарисей Никодим болды. Ол Иисус Христосқа, бәрінен жасырын, Иисус Христосты жек көрген фарисейлер мен иудей көсемдері біліп қоймасын деп түнде келді.
Никодим, Иисус Христостың шынымен де күтілген дүниенің Құтқарушысы екенін, және Ол кімді Өзінің Патшалығына қабыл алады екенін, Оның Патшалығына кіру үшін адамдарға не істеу керек екенін білгісі келді. Ол Құтқарушыға: «Равви (Ұстаз) біз Сенің Құдайдан келген Ұстаз екеніңді білеміз; өйткені, Сен істеген ғажайыптарды ешкім істей алмайды, егер онымен Құдай болмаса», – деді.
Құтқарушы Никодиммен сұхпаттаса: «шын айтам саған: егерде кімде кім қайта тумаса, Құдай Патшалығына кіре алмайды» – деді.
Никодим (қатты) таңданды, адам баласы қалай қайта туыла алады.
Бірақ Құтқарушы оған әдеттегі денеден туылғанды емес, ал рухани туылуды айтты, яғни, адамға өзгерудің керектігін, – ішкі ойымен толық өзгерудің, – толықты қайырымды және мейірімді болудың, және бұндай өзгеріс тек Құдай күшінің көмегімен ғана болуы мүмкіндігін.
Құтқарушы Никодимге: «шын, шын айтам саған: егер кімде кім судан (шомылдырылу арқылы) және Тыннан туылмаса (адамға шомылдырылып жатқан кезде түсетін), Құдай Патшалығына кіре алмайды», – деді.
Құтқарушы Никодимге, адам баласы жердегі ата-анасынан туғанымен, сондай-ақ олар сияқты күнәлі болып қалатынын (демек, Аспан Патшалығына тұрақсыз болатынын) түсіндірді. Ал Киелі Тыннан туылып, адам баласы күнәдан таза, киелі болады. Адамдың жан-тәнінде бұндай өзгеріс қалай болатынын адамдарға түсүну мүмкін емес, бұл Құдайдың ісі.
Одан кейін Құтқарушы Никодимге, Өзінің жер бер бетіне қайғы-қасірет тартып, адамдар үшін өлім көріп, таққа отыру үшін емес, крестке шығу үшін келгенін айтты: «Мойсей шөл далада жыланды көтергендей (яғни ағашқа мыстан жасалған жыланды, улы жыланға шағылған еврейлерді өлімнен құтқару үшін, іліп көтеріп қойғандай), Адам Ұлы жоғары көтерілу керек (яғни сол сияқты айқыш ағашқа Христос – Адам Ұлы көтеріліп ілініп қойуы тиіс), Оған сенген әркім өлім көрмей, мәңгі өмірге ие болуы үшін. Құдай дүниені жақсы көргені соншалықты, адамдардың құтқарылуы үшін Өзінің біртуған (сүйікті) Ұлын (қайғы-қасірет шегіп өлім көруге) берді, және Оны дүниеге адамдарды сотауға емес, адамдарды құтқаруға жіберді.
Никодим осы уақыттан бастап Иисус Христостың жасырын үйренушісі болды.
Беседа Иисуса Христа с Самарянкою
Возвращаясь из Иудеи в Галилею, Иисус Христос с учениками Своими проходил через страну самарянскую, мимо города, называемого Сихарь (по древнему название Сихем). Перед городом с южной стороны был колодец, вырытый, по преданию, патриархом Иаковом.
Иисус Христос, уставши от пути, сел отдохнуть у колодца. Время было полуденное, и ученики Его пошли в город, чтобы купить там пищи.
В это время приходит к колодцу из города женщина самарянка за водою.
Иисус Христос говорит ей: "дай Мне пить".
Эти слова Спасителя очень удивили самарянку. Она сказала: "как это Ты, иудей, просишь пить у меня, самарянки? Ведь, иудеи с самарянами не сообщаются".
Господь сказал ей: "если бы ты знала дар Божий (т. е. великую милость Божию, которую послал тебе Бог в этой встрече), и Кто говорит тебе: дай Мне пить; то ты сама просила бы у Него, и Он дал тебе воду живую".
Спаситель назвал живою водою Свое Божественное учение. Потому что, как вода спасает жаждущего человека от смерти, так и Его Божественное учение спасает человека от вечной смерти и ведет к вечной блаженной жизни. А самарянка подумала, что Он говорит про обыкновенную ключевую воду, которая у них называлась "живою" водою.
Женщина с удивлением спросила Его: "Господин! Тебе и почерпнуть нечем, а колодец глубок; откуда же у Тебя вода живая? Неужели ты больше отца нашего Иакова, который дал (выкопал) нам этот колодец, и сам из него пил, и дети его, и скот его?"
Иисус Христос сказал ей в ответ: "всякий, кто пьет эту воду, возжаждет опять (т. е. опять захочет пить); а кто будет пить воду, которую Я дам, тот не будет жаждать во век. Потому что вода, которую Я дам, сделается в нем источником воды, текущей в жизнь вечную".
Но самарянка не поняла этих слов Спасителя, и сказала: "Господин! дай мне этой воды, чтобы мне не иметь жажды и не приходить сюда черпать".
Иисус Христос, желая, чтобы самарянка поняла о чем говорит Он с ней, сначала велел ей позвать к Нему ее мужа, - Он сказал: "пойди, позови мужа твоего и прийди сюда".
Женщина же сказала: "у меня нет мужа".
Тогда Иисус Христос сказал ей: "правду ты сказала, что у тебя нет мужа. Потому что у тебя было пять мужей; и тот, которого ныне имеешь, не муж тебе; это справедливо ты сказала".
Самарянка, пораженная всеведением Спасителя, обнаружившего всю ее греховную жизнь, поняла теперь, что говорит не с обыкновенным человеком. Она сразу же обратилась к Нему за разрешением давнего спора между самарянами и иудеями: чья вера правильнее и чья служба угоднее Богу. "Господи! вижу, что Ты пророк", сказала она, "отцы наши покланялись на этой горе (при этом она указала на гору Гаризин, где виднелись развалины разрушенного самарянского храма); а вы говорите, что место, где должно поклоняться (Богу), находится в Иерусалиме".
Иисус Христос ответил ей: "Поверь Мне, что наступает время, когда и не на горе сей и не в Иерусалиме будете покланяться Отцу (Небесному). Вы не знаете, чему кланяетесь; а мы знаем, чему кланяемся: ибо спасение от иудеев (т. е. что до сих пор только у иудеев была истинная вера, у них одних богослужение совершалось правильное, угодное Богу). Но настанет время и настало уже, когда истинные поклонники будут покланяться Отцу в духе и истине; ибо таких поклонников Отец ищет Себе. Бог есть Дух (невидимый, бестелесный), и поклоняющиеся Ему должны покланяться в духе и истине". Т. е. истинная и угодная Богу служба есть такая, когда люди покланяются Отцу Небесному не одним только телом и не одними только наружными знаками и словами, а всем своим существом, - всею душою, - истинно веруют в Бога, любят и почитают Его и, своими добрыми делами и милосердием к ближним, исполняют волю Божию.
Услышав новое учение, Самарянка сказала Иисусу Христу: "знаю, что придет Мессия, то есть Христос; когда Он придет, то возвестит нам все", т. е. научить нас всему.
Тогда Иисус Христос сказал ей: "Мессия - это Я, Который говорю с тобою".
В это время вернулись ученики Спасителя и удивились, что Он разговаривал с женщиною-самарянкою. Однако же ни один из них не спросил Спасителя о чем Он говорил с нею.
Самарянка же оставила водонос свой и спешно пошла в город. Там она стала говорить людям: "пойдите, посмотрите Человека, который сказал мне все, что я сделала: не Он ли Христос?"
И вот, люди вышли из города и пошли к колодцу, где был Христос.
Между тем ученики просили Спасителя, говоря: "Равви! ешь".
Но Спаситель сказал им: "у меня есть пища, которой вы не знаете".
Ученики стали говорить между собою: "разве кто принес Ему есть?"
Тогда Спаситель, объясняя им, сказал: "Моя пища есть творить волю Пославшего Меня (Отца) и совершить дело Его. Не говорите ли вы, что еще четыре месяца, и наступит жатва? А Я говорю вам: возведите (поднимите) очи ваши и посмотрите на нивы (и Господь указал им на самарян - жителей города, которые в это время шли к Нему), как они побелели и поспей к жатве, (т. е. как эти люди желают видеть Спасителя Христа, с какою охотою готовы слушать Его и принять Его). Жнущий получает награду и собирает плод в жизнь вечную, так что и сеющий и жнущий вместе радоваться будут. Ибо в этом случае справедливо изречение: один сеет, а другой жнет. Я послал вас жать то, над чем вы не трудились: другие трудились, а вы вошли в труд их".
Пришедшие же из города самаряне, из которых многие уверовали в Него по слову женщины, просили Спасителя побыть у них. Он пошел к ним и пробыл там два дня и учил их.
За это время еще большее число самарян уверовало в Него. Они потом говорили той женщине: "уже не по твоим словам веруем; потому что сами слышали и узнали, что Он истинно Спаситель мира, Христос".
Из предания известно, что самарянка, беседовавшая со Христом у колодца Иакова, всю последующую жизнь свою посвятила проповеди Евангелия Христова. За проповедь веры Христовой она пострадала в 66 году (она была брошена мучителями в колодец). Св. Церковь празднует память ее 20 марта (2 апреля н. ст.). Имя ее: св. мученица Фотина (Светлана) самаряныня (самарянка).
ПРИМЕЧАНИЕ: См. в Евангелии от Иоанна, гл. 4, 1-42.
Иисус Христостың Самария қаласының әйелімен сұхпаты
Иисус Христос Өзінің үйренушілерімен бірге Иудеядан Галилеяға қайта орала, самария жерінен, Сихарь деп (ертегіде Сихем деп) аталатын қаланың жанынан өтіп бара жатты. Қаланың алдында, оң жағында предание бойынша, патриарх Иаков қазған құдық болды.
Иисус Христос жолдан шаршап, құдықтың жанына демалуға отырды. Уақыт түс еді, Оның үйренушілері қалаға ас сатып алуға аттанды.
Осы кезде құдыққа қаладан Самария әйелі келеді.
Иисус Христос оған: «Маған ішуге су берші», – деді.
Құтқарушының бұл сөздері Самария әйелін таңдандырды. Ол: «Сен иудей бола тұра, меннен самарян тұрғынынан ішуге су сұрайсың ба? – деді. Өйткені иудейлер самаряндармен арласпайтын».
Құдай Ие оған: «егер сен Құдайдың сый сыйапатын білгеніңде (яғни Құдайдың осы кездесуде саған жіберілген ұлы мейірімділігін), және саған Кім: маған ішуге су бер – деп сөйлеп тұрғанын білсең; онда сен Одан өзің сұрар едің, сонда Ол саған тірі су берер еді», – деді.
Құтқарушы Өзінің Құдайлы ілімін тірі су деп атады. Себебі су шөлдеген адамды өлімнен сақтағандай, Оның Құдайлы ілімі адамды мәңгі өлімнен құтқарып, мәңгі шаттықты өмірге апарады. Самария әйелі болса, Оның, оларда: «тірі» су, – деп аталатын жәй бұлақ суы жөнінде айтты, – деп ойлады.
Әйел таңдана: «Мырза! Сенің суды көсіп алуға ыдысың жоқ, ал құдық болса терең; Сенде қайдан тірі су бар? Сен біздің, мына құдықты бізге (қазып) беріп, өзі ішкен, және оның балалары, және оның малдары ішкен Иаков әкемізден үлкенсің бе?» – деді.
Иисус Христос оған жауап бере: «мына суды ішкен әркім, қайта шөлдейді (яғни қайта бұл суды ішкісі келеді); ал Мен берген суды ішкен, мәңгі шөлдемейді. Өйткені Мен берген су мәңгі өмірге ағатын судың көз қайнары болады», – деді.
Бірақ самариялық әйел Құтқарушының бұл сөздерін түсінбей: «Мырза! менің шөлдемей, мына жерге келіп суды көсіп алып тұрмауым үшін бұндай суды маған берші», – деді.
Иисус Христос, Самария әйеліне, Оның айтқан сөзін түсінгенін қалай, бірінші Оған оның күйеуін шақырып келуді бұйырып: «барып күйеуіңді мына жерге шақырып кел», – деді.
Әйел болса: «менің күйеуім жоқ», – деді.
Сонда Иисус Христос оған: «сен шын айттың, күйеуіңнің жоқ екенін. Өйткені сенің бес күйеуің болды; ал кәзір сенімен тұрып жатқан, сенің күйеуің емес; бұны сен әділ айттың», – деді.
Самария әйелі, Құтқарушының, ол жайында барлық күнәлі өмірін ашып көрсетіп, барлығын білгендігіне таңданып, тек енді ғана жай емес адаммен сөйлесіп тұрғанын түсінді. Ол Оған сол сәтте бұрыннан самаряндармен иудейлердің арасындаға болған дауды шешуге: кімнің сенімі дұрыс және кімнің қызметі Құдайға жайлы екенін білуге сұрақ қойды:
– Мырза Ие! Сенің пайғамбар екеніңді көріп тұрмын, біздің әкелеріміз мына тауға табынып ізгілік етті (ол Гаризин тауындағы қираған самарян храмының көрінген орынын көрсете); ал сендер, (Құдайға) табынып ізгілік ететін орын Иерусалимде дейсіңдер», – деді.
Иисус Христос оған жауап бере: «Маған сен, (Аспандағы) Әкеге, мына тауға, әлде Иерусалимге қарап табынып, ізгілік етпейтін уақыт келеді. Сендер өздерің неге табынып, ізгілік ететіндеріңді білмейсіңдер; ал біз неге табынып, ізгілік ететінімізді білеміз: өйткені құтқарушылық иудейлерден (яғни осы күнге дейін тек иудейлерде ғана шын сенім болды, және оларда Құдайға қызметтік дұрыс, Құдайға жағымды істелді). Бірақ уақыт келеді және енді келді, шын табынып, ізгілік етушілер, Әкеге тынға және шындыққа табынатын болады; өйткені осындай табынушыларды Әке Өзіне іздейді. Құдай Тын болып табылады (көрінбейтін, денесіз), және Оған табынғандар тынға және шындыққа табынулары керек», – деді. Яғни шын және Құдайға жағымды қызметтік, адамдардың Аспандағы Әкеге тек тәнімен, әлде тек сыртқы белгілермен, әлде сөзімен ғана табыну емес, ал барлық өзінің жан дүниесімен, – барлық жан тәнімен, – Құдайға сенім артып, Оны жақсы көре, Оны қадір тұтып, өзінің жақсылық, мейірімділік істерімен Құдайдың еркін орындау.
Жаңа ілімді естіп, самария әйелі Иисус Христосқа: «білемін, Мессияның келетінін, яғни Христос; Ол келген кезде, бізге бәрін түсіндіреді», яғни бәріне үйретеді, – деді.
Сонда Иисус Христос оған: «Мессия – менмін, сенімен сөйлесіп тұрған», – деді.
Осы уақытта Құтқарушының шәкіртері қайта оралып келіп, Оның самарянка-әйелмен сөйлесіп тұрғанын көріп таңданды. Бірақ ешкім Құтқарушыдан онымен не жайында сөйлескенін сұраған жоқ.
Самариялық әйел болса су таситын ыдысын тастап, асыға қалаға жөнелді. Ол қалада адамдарға: «барып, менің істегенім жайында бәрін айтып берген Адамға қараңдар: Христос емес пе екен Ол?» – деп жариалады.
Адамдар қаладан шығып, Христос болған құдыққа барды.
Осы уақытта шәкіртері Құтқарушыға: «Ұстаз, ас іш» – деп өтінді.
Бірақ Құтқарушы оларға: «Менің сендер білмейтін асым бар» – деді.
Шәкіртері бір-біріне: «Оған біреу ас ішуге әкеліппе?» – деді.
Сонда Құтқарушы оларға түсіндіре: «Менің асым, Мені Жіберген (Әкенің) еркін орындап, Оның ісін істеу. Төрт айдан кейін егін оратын мерзімі келеді деп айтпайсыңдар ма? Ал Мен сендерге айтам: жүздеріңді көтеріп, егіндікке қараңдар (осы кезде Құдай Ие Оған келе жатқан самарян – қала тұрғындарына көрсетіп), қалай олар ағарып, егін оратын мерзімге жетті (яғни бұл адамдар Құтқарушыны көруді қалап, қандай ынталықтарымен Оның сөзін тыңдап, Оны қабыл алуға дайын). Егін орған марапатын алып, мәңгі өмірге жеміс жинайды, сонымен, егін еккен және егін орған бірге қуатантын болады. Өйткені бұл жағдайда нақыл айтылған сөз әділ: біреусі себеді, ал екіншісі орады. Мен сендерді еңбек етуге, сендер еңбек етпегенге, басқалардың еңбегіне жібердім, ал сендер олардың еңбектеріне кірдіңдер».
Әйелдің сөзінен Оған сенген, қаладан келген самаряндардың көбісі, Құтқарушының оларда болуын сұрады. Ол оларға барып, ол жерде екі күн болып, оларды (жаңа ілімге) үйретті.
Осы уақытта самаряндардың көбісі Оған сенді. Одан кейін әлгі әйелге: «енді тек сенің сөзіңнен ғана емес; (сенеміз) өйткені өзіміз естіп білдік, Оның шыныменде дүниенің Құтқарушысы, Христос екенін» – деді.
Христоспен Иаковтың құдығының жанында әңгімелескен самариялық (әйел), бүкіл кейінгі өмірін Христостың Ізгі Хабар уағызына арнағаны, преданиядан белгілі. Христостың сенімінің уағызы үшін ол 66 жылы қанын төкті (ол азаптаушылармен құдыққа тастанды). Киелі Шіркеу оның есте сақтау күнін 20 мамыр (2 сәуір ж. ст.) күні мейрамдайды. Оның аты киелі шындық үшін қанын төккен Фотина (Светлана – Сәуле) (самария әйелі).
Исцеление сына царедворца
Когда Иисус Христос пришел в Галилею, то галилеяне с верою приняли Его, потому что многие из них видели чудеса, которые Он сотворил в Иерусалиме во время праздника Пасхи. Христос пришел в Кану, где некогда претворил воду в вино. Сюда пришел к Нему из Капернаума один царедворец (служащий при царском дворе) и просил Спасителя придти к нему и исцелить сына его, который был при смерти.
Иисус Христос сказал ему: "пойди, сын твой здоров".
Царедворец поверил слову Спасителя и пошел домой в Капернаум. На дороге встретили его слуги и сказали, что сын его здоров.
Он спросил у них: "в котором часу стало ему легче?"
Слуги ответили ему: "вчера, в седьмом часу, горячка оставила его".
В этот именно час Спаситель сказал ему: "сын твой здоров". Царедворец и весь дом его уверовали в Иисуса Христа.
Из Каны Иисус Христос пошел по городам и селениям Галилеи, чтобы везде проповедовать Свое учение. Проповедуя, Он исцелял болезни и всякую немощь в людях. Слух о Нем распространился по всей земле, и отовсюду приводили к Нему больных, бесноватых, лунатиков, расслабленных, и Он исцелял их. Он никому не отказывал в помощи, и все находили у Него утешение.
Примером Своей жизни Спаситель учил, что всякий, кто хочет быть в Царствии Божием, должен быть милостивым, всем делать добро и всем помогать, насколько у каждого достанет сил.
ПРИМЕЧАНИЕ: См. в Евангелии от Иоанна, гл. 4, 43-54.
Патша сарайының лауазымды қызметшісінің ұлының сауығуы
Иисус Христос Галилеяға келген кезінде, галилеяндар Оны сеніммен қабыл алды, өйткені олардың көбісі Оның Иерусалимде Пасха мейрамында істеген таңғажаптарын көрді. Христос, суды шарапқа айналдырған Кана қаласына келді. Бұл жерге Оған Капернаумнан бір патша сарайының лауызымды қызметшісі (патша сарайында қызмет ететін) келіп, Құтқарушының оған келіп, өлім астында жатқан ұлын сауықтыруын сұрады.
Иисус Христос оған: «бар, сенің ұлың сауықты» – деді.
Патша сарайының лауызымды қызметшісі Құтқарушының сөзіне сеніп, Капернаумға үйіне оралды. Жол жөнекей оны оның қызметкерлері кездестіріп, оның ұлының саулығын айтты.
Ол олардан: «қай уақытта оған жеңілдеді?» – деп сұрады.
Қызметшілер оған: «кеше, сағат жетіде қызуы басылды», – деді.
Нақ осы уақытта Құтқарушы оған: «сенің ұлың сау», – деді. Бұдан кейін патша сарайының лауызымды қызметшісі және оның бүкіл үй іші Иисус Христосқа сенді.
Кана қаласынан Иисус Христос Галилеяның қалаларымен ауылдарына Өзінің ілімін уағыздау үшін аттанды. Уағыздай, Ол ауруларды және адамдардағы әрбір дәрменсіздікті жазды. Ол жайында хабар барлық жерде таралып, Оған әр жерден ауруларды, нақұрысталғандарды, айкезбелерді, әлсірегендерді әкелгенде, Ол оларды сауықтырды. Ол ешкімге көмектесуден басын тартпады, барлығы Одан жұбаныш тапты.
Құтқарушы Өзінің өмірінің үлгісімен, Құдай Патшалығында болғысы келгеннің, өзінің күші жеткенше (барлығына) жақсылық істеп және көмектесіп, мейірімді болуы керек екеніне үйретті.
Исцеление расслабленного при овчей купальне
Из Галилеи Иисус Христос снова пришел в Иерусалим на праздник иудейский.
Вблизи храма, у овечьих ворот, через который прогоняли овец для жертвоприношения, была купальня с пятью крытыми ходами, или галереями. Купальня эта с галереями называлась Вифездою, что значит дом милосердия. В галереях, при купальне, лежало много больных, слепых, хромых, иссохших. Все они ожидали движения воды, потому что Ангел Господень сходил по временам в купальню и возмущал воду. И кто первый входил в воду после возмущения ее, тот становился здоровым (исцелялся), какою бы ни страдал болезнью.
Иисус Христос посетил этот дом милосердия. Там Он увидел одного расслабленного, который был болен тридцать восемь лет.
Иисус Христос спросил его: "хочешь ли быть здоровым?"
Больной ответил: "Да, Господи, но я не имею человека, который бы опустил меня в купальню, когда возмутится вода; когда же я прихожу, другой уже сходит прежде меня".
Иисус Христос сказал ему: "встань, возьми постель и ходи".
Больной тотчас выздоровел, взял постель и пошел. Это было в субботу. Поэтому иудеи говорили исцеленному: "сегодня суббота, не должно тебе нести постель".
Исцеленный отвечал им: "Тот, Кто меня исцелил, велел мне взять постель и идти".
"Кто сказал тебе это?" - спросили они.
Но он не мог им ответить, потому что не знал Иисуса Христа. Христос же, исцеливши его, скрылся в народе.
Вскоре после этого Господь встретил исцеленного в храме и сказал ему: "вот, ты выздоровел, не греши больше, чтобы с тобой не случилось чего хуже".
Тогда этот человек пошел и сказал иудеям, что его исцелил Иисус.
Старейшины (начальники) иудейские стали гнать Иисуса Христа и искали, случая убить Его за то, что Он делает такие дела в субботу. Они учили, что в субботу грешно делать даже и добрые дела.
Иисус же говорил им: "Отец Мой доныне делает (добро), и Я делаю. Истинно, истинно говорю вам: Сын ничего не может творить Сам от Себя, если не увидит Отца творящего: ибо что творит Он (Бог Отец), то и Сын (Божий) творит также. Как Отец воскрешает мертвых и оживляет, так и Сын оживляет кого хочет. Кто не почитает Сына, тот не почитает и Отца, пославшего Его. Исследуйте священные писания ибо вы думаете через них иметь жизнь вечную, а они свидетельствуют о Мне".
После этого иудеи еще больше восстали на Него и сильнее искали случая убить Его за то, что Он не только нарушил субботу, но и Отцом Своим называет Бога, делая Себя равным Богу.
ПРИМЕЧАНИЕ: См. в Евангелии от Иоанна, гл. 5. 1-16.
Әлсірегеннің қой шомылдыратын орынның жанында сауықтырылуы
Галилеядан Иисус Христос қайта Иерусалимге иудей мейрамына келді.
Храмның жанында, қойларды құрбандыққа айдап өтетін, қой қақпасының қасында, бес жабылған жолдары әлде галереялары бар шомылатын орын болды. Бұл галереялары бар шомылатын орын Вифезда деп аталды, мейірімділік үйі дегенді білдіретін. Шомылатын орынның қасындағы галереяларда көптеген аурулар, соқырлар, ақсақтар, семіп қалғандар жатты. Олардың бәрі су қозғалысын күтті, өйткені Құдай Періштесі кей кезде шомылатын орынға түсіп, суды қозғалты. Осы кезде, судың қозғалғанынан кейін, кім бірінші болып суға кірсе, қандай аурумен азап шекше де, ауруынан сауықты (жазылды). Иисус Христос бұл мейірілімділік үйіне барды. Ол жерде ол отыз сегіз жыл бойы ауырған әлсіреген (адамды) көрді.
Иисус Христос одан: «сауықты болғың келеме» – деп сұрады.
Ауру: «я, Мырза, бірақ су қозғалған кезде, мені шомылдыратын орынға түсіретін адамым жоқ; мен келген кезде, басқа біреу меннен бұрын түсіп қойады», – деп жауап берді.
Иисус Христос оған: «орныңнан тұрып, төсегіңді алда, жүр», – деді.
Ауру сол сәтте сауығып, төсегін алып, жөнелді. Бұл сенбі күні еді. Сондықтан иудейлер сауықанға: «бүгін сенбі, (сол себептен) саған төсегіңді алып жүруге болмайды» – деді.
Сауықан оларға: «мені Сауықтырған маған төсегімді алып барғанымды бұйырды», – деп жауап берді.
«Кім саған бұны айтты?» – деп сұрады олар.
Бірақ ол жауап бере алмады, өйткені Иисус Христосты білмеген еді. Оны сауықтырған Христос болса, халықтың арасында көзден таса болған еді.
Осыдан кейін көп кешікпей Құдай Ие сауықанды храмда кездестіріп оған: «міне сен сауықтың, саған бұдан басқа жамандық болмау үшін, енді күнә жасама», – деді.
Сонда бұл адам иудейлерге барып, оны сауықтырған Иисус екенін айтты.
Иудей қауым басшылары Иисус Христосты, Оның сенбі күні бұндай іс істегеніне бола қуа, өлтіруге қолайлы жағдай іздеді.
Иисус оларға: «Әкем Менің осы күнге дейін (жақсылық) істейді, және Менде істеймін. Шын, шын сендерге айтамын: Ұл Өзінен ештеңке істей алмайды, егер Әкесінің істеп жатқанын көрмесе: өйткені Ол (Құдай Әке) не істесе, (Құдай) Ұлы соны істейді. Әке өлгендерді тірілтіп, жандандырғандай, Ұлда жандандырғысы келгенді жандандырады. Кім Ұлды құрметтемесе, ол, Оны жіберген Әкені де құрметтемейді. Киелі жазбаны зертеп біліңдер, өйткені сендер ол арқылы мәңгі өмірге жетеміз деп ойлайсыңдар, ал олар Мен жайында куәлендіреді», – деді.
Осыдан кейін иудейлер Оған одан ары қарсы шығып, сенбіні бұзғаннан басқа, Өзін Құдайға теңеп, Әкесін Құдай деп атағаны үшін, бар күштерімен Оны өлтіруге амал іздеді.
Исцеление сухорукого
Однажды в субботний день Иисус Христос вошел в синагогу (в дом собрания и молитвы). Там был человек с иссохшею правою рукою. Фарисеи же, желая найти обвинение против Спасителя, следили, не исцелит ли Он больного в субботу.
Спаситель, зная помышления их, сказал сухорукому: "встань и выйди на середину".
Потом, обращаясь к фарисеям, сказал: "спрошу Я вас: что должно делать в субботу? добро или зло? спасти жизнь или погубить", то есть оставить на погибель.
Они молчали.
Иисус посмотрев на всех их, сказал: "кто из вас, имея одну овцу, если она в субботу упадет в яму, не возьмет ее и не вытащит? Насколько же человек лучше овцы! И так можно в субботы делать добро".
После этого Спаситель обратился к сухорукому и сказал: "протяни руку твою".
Сухорукий протянул больную руку, и она стала здоровою, как другая.
Фарисеи пришли в бешенство и, вышедши из синагоги, совещались между собою, как бы погубить Иисуса.
Иисус же с учениками пошел оттуда дальше. За Ним следовало великое множество народа, и Он, проповедуя, исцелял всех больных.
ПРИМЕЧАНИЕ: См. в Еванг. от Матф. 12, 9-14; от Марка, гл. 3, 1-6; от Луки гл. 6, 6-11.
Қолы семіп қалғанның сауығуы
Бір сенбі күні Иисус Христос синагогаға (тіленіш айтатын және жиналыс үйіне) кірді. Ол жерде оң қолы семіп қалған адам болды. Фарисейлер болса, Құтқарушыға қарсы айыптықтар іздеп, Ол сенбі күні ауруды сауықтырады ма екен – деп бақылып отырды.
Құтқарушы, олардың ойларын біліп, қолы семіп қалғанға: «орныңнан тұрып, ортаға шық», – деді.
Содан соң, фарисейлерге бұрылып: «Мен сендерден сұраймын: сенбі күні не істеу керек? Жақсылық па, әлде жамандық па? өмірді құтқару керек пе әлде құтқармау керек пе?», – деді. Яғни өлімге қалдыру керек пе? – деп сұрады.
Олар үндемеді.
Иисус олардың бәріне қарап: «егер сендердің біреуіңнің бір қойы бола, ол сенбі күні шұңқырға түсіп қалса, шығарып алмайсыңдар ма? Қаншалықты адам баласы қойдан артық! Яғни сенбі күні жақсылық істеуге болады», – деді.
Содан кейін Құтқарушы қолы семіп қалғанға бұрылып: «қолыңды соз», – деді.
Қолы семіп қалған ауру қолын созып еді, ауру қолы сол сәтте екінші қолындай сауықты болды.
Фарисейлердің ашуы керней түсіп, синагогадан шыға салып, Иисусты өлтірудің амалын іздеп, өз араларында кеңес құрды.
Иисус болса шәкіртерімен бірге ол жерден ары аттанды. Оның артынан көптеген халық ерді, Ол (оларға) уағыздап, бар ауруларды сауықтандырды.
См также Құдай Иенің кездесуі