Подписка на почту  

  Свежие статьи на почту!

Впишите свой E-mail здесь! 

   

Страны  

   

75 -ЛЕТ ПОБЕДЫ  

Казахстанский русский культурный центр.

Праздничный концерт к 75 летию Победы над фашистской Германией.

   
 
 HotLog
   

   

Мы на Facebook  

   
   

Мы в Контакте  

   

Мы на Mail.ru  

   

Иерей Елисей Кукеев Қазақ халқына христиан дінінің бөтен емес екендігіне тарихи деректер куәлендіреді, өйткені көне ғасырлардан бері жергілікті тұрғындар мен біздің ата-бабаларымыз Иисус Христосты өздерінің Құтқарушысы ретінде қадір тұта білді. Бұның бәрі көптеген археологиялық табыстар мен жазба куәліктермен құпталады.
Оңтүстік Қазақстан және Жетісу тұсындағы қалаларға әуел VII-VIII ғғ. (Христос Туылғаннан кейін) Мерв қаласындағы несториан Шіркеуі миссионерлерінің еңбегі арқылы христиан діні таралды.


VII ғ. орта кезінде Мерв қаласының митрополиті Илия кейбір түрік тайпаларын және түрік қағанын, оның бүкіл әскерімен христиан дініне кіргізді. 800-ші жылы маңында несториан патриархы Тимофей I христиан дінін қабыл алған түрік тайпасын атап өтеді, мүмкін бұл қарлұқ тайпасы болуы тиіс. 1009-ші жылы христиан дінін (ең) мәдиниетті және күшті керей тайпасы қабыл алды.  Шөл далада адасып қалған керей ханына, шындық үшін қанын төккен әулие Сергий келіп көрініп, оған жол көрсетіпті. Бұл оқиға оның Марғұз (Марк) атымен шомылдырылып, христиан дінін қабыл алуына себепкер болды. Ол өзінің төржүз мың халқын сенімге әкелді. Ал XII ғасырда христиан дінін найман тайпасы және басқада түрік ру-тайпалары, олардың ішінде онгуз, гуз, чигил тайпалары қабыл алды. Іли алқабындағы, өздерінің Қаялық қаласында Шіркеуі бар христиандары жайында, ол жерге 1253 жылы барып көрген франсуз елшісі Вильгелм Рубрук хабарлады. 

Орта Азия христиандары қабірлеу тәсілдерін оссуариаларға салып жерледі, бірақ бұрынғы пұтқа табунышылық символдарының[1] орнына Құдай Ие кресінің бейнесімен әшекеледі. Крест бейнесімен әшекеленген оссуариалар Соғды, Афрасиб, Хорезим қалаларында және ежелгі Маздахан некропілінде[2] табылды. 

Орта Азия христиандарының көрнекті діни өнер туындыларына христиан жазбалары және символдары бар кабір тастары – қайрақтары жатады. 

Христиан дінінің Қазақстан территориясындағы жергілікті тұрғындардың тұрмысына терең кіріп, толықты болғанына археологиялық табындылар көрсетеді. 

Мысалы, Ақ-Бешім қаласында VII ғ. шамасында салынған шіркеу және христиан салтымен жерленген некропілі табылды. Христиан салтымен жерленген орындар Тараз қаласында да табылды. Ол жерде «Петр және Гавриил» жазбасы бар керамикалық саптыаяқ және сирия, соғды тілдерінде жазылған христиан жазбалары бар ыдыс сауыт қалдықтары табылды. Оларды VII-VIII ғасырлар шамасында тұрғылықты халықтар тұрмыстық ісіне қолданғаны көрінеді. Археологтар Камо өзенінің жағасында Жетісу христиандары қолданған IX ғасырға жататын екі күміс табақ тапты. Біреусінде Ізгі хабар көрінісі, ал екінші табақта Ескі өсиеттегі Иисус Навин кітабіндегі көрініс бейлеленген.

Джамуха, Навакент қалаларының қазба жұмыстары кезінде, жергілікті тұрғындар мойнына таққан күміс және қола металдарынан жасалған крестер, ал Қызыл Өзен қаласында нефриттен[3] жасалған крест табылды. Төрткөлтөбе қаласында крест (Иисус Христостың өлімді жеңуінің белгісі) және көгершін (Киелі Тынның символы) бейнесі бейнеленген көне заманның тас түйесі[4] табылды. 

Христиан дінінің Қазақстан территориясында XIV ғасырға дейін болғанына деректі куәліктер көрсетеді, бірақ одан кейінгі ғасырларда бұл аймақта христиан дінінің маңызы төмен түскені көрінеді. Оған қарамастан жеке ру тайпалар өздерінің христиандық өткен шақтарын ұмытпады. Құдай Иеміздің игілігімен шындық жарығы қазақ еліне өзінің нұрын қайта шашты, бұл жолы Орыс Православия Шіркеуінің көмегімен орындалды. 

XVIII ғасырдың соңында, қазақ халқы Екатерина II патшаханымынан, елші жіберіп өздеріне жаңа дінге шомылдырып кіргізетін дін қызметкерлерін жіберуді сұрағаны белгілі, бірақ жауапты істер (олардың сұраған өтініштеріне) лезде орындала қоймады. 

1820-шы жылдар аралығында Орыс Шіркеуінің (Святейший) Синодында Кырғыз миссиясын (қазақтарды ол кезде қызғыздар деп атады) құру жайында сұрақтары қойылды, ол кез қолайлы уақыт деп саналды. Өйткені көптеген қазақ ауылдары, өздерінің православия дінін қабыл алуына ықыласын білдірді. Атақты Алтай миссионері әулие Макарии (Глухарев) Алтай төңірегіндегі тұрғылықты халықтарға православия дінін танып білуіне көптеген еңбегін сіңірді. 

XIX ғ. екінші жартысында Қырғыз миссиясы құрылды. Миссионерлердің басты мақсаты, ауылдар арасында қазақ тілінде Ізгі Хабарды уағыздап, үздіксіз миссионерлік саяхат жүргүзуден, ғибатханалар тұрғұзудан және жаңадан шомылдырылған қазақ балаларына миссионерлік мектеп ашып, оларды жаңа ілімге үйретуден тұрды. Бұл мектептерде сабақ қазақ және орыс тілдерінде берілді. Шіркеулерде Құдайға қызметшілік қазақ тілінде орындалды, клиростарда қазақ тілінде жаңа шомылдырылғандардың балалары ән айтты. Жаңа Өсиеттің, киелілердің өмірі жайында және әр-түрлі Құдайдың қызметіне арналған әндердің аудармалары болды. 

Көптеген қазақтар Ізгі Хабар уағызына көзқарасын білдіріп, христиан дінін қабыл алу мүмкіндіктерін жібермеді. Олар шын нанымды, өздерінің ата-бабаларының нанымын қабылдады. 1917 жылғы болшевистік революция белсенді миссионерлік жұмыстарының жалғысына кедергісін тигізді, бірақ оның жемістері жоғалмады. Мысалы, Алтай аймағында революциядан кейін сақталып қалған қазақ ауылы бар, оның тұрғындары түгелдей Православия дінін құп тұтады. 

Құдайсыз СССР билігі өткеннен кейін де көптеген қазақтар православия нанымын көріп білуіне мүмкіндік алды, ал көріп біліп оны қабыл алды. Сондықтан христиан діні көне ғасырлардан бері біздің заманымызға дейін көптеген Қазақстан тұрғындарына жақын наным болып табылады. 





Иерей Елисей Кукеев


[1] нышан, бейне. 

[2] Ежелгі дүниедегі өлікті жерлеуге арналған зираттар кешені.

[3] Көкшіл түсті минерал.

[4] Бидай, арпа түйетін ыдыс.

 

 

Добавить комментарий

Редакция сайта не несет ответственности за содержание авторских материалов и комментариев.


Защитный код
Обновить

   
   

Портал «Туркестанская Голгофа»  

Попечительством епископа Бишкекского и Кыргызстанского Даниила создан портал

«Туркестанская Голгофа».

ПОДРОБНЕЕ 

 

   

РОССОТРУДНИЧЕСТВО В КАЗАХСТАНЕ  

Мы открыли свой ютюб-канал. Смотрите нас, подписывайтесь на нас! Мы рядом! Мы вместе!

 НАЖМИТЕ СЮДА, ЧТОБЫ ПЕРЕЙДИТЕ НА КАНАЛ 

ПО ВСЕМ ВОПРОСАМ ПИШИТЕ НА

E-mail: rs_almaty@mail.ru

   

Последние комментарии

Знакомство и общение православных христиан Республики Казахстан"

 

   
© spgk.kz © 2011-2012 Союз Православных Граждан Казахстана. Официальный сайт Общественного Объединения "Союз Православных Граждан" РК. При использовании материалов сайта гиперссылка на сайт обязательна!. Мнение авторов не всегда совпадают, с мнением редакции сайта. Редакция сайта не несет ответственности за содержание авторских материалов и комментариев (подробнее...). Редактор сайта Константин Бялыницкий-Бируля. Адрес для писем в редакцию сайта E-mail:spgk@spgk.kz